A+ A A-

talgatzhan 0 8-01-2026, 09:45 0

Өскемендегі шағынаудандардың бірінде түлкі жүр

Бүгін / Өскемен

Куленов кентінің тұрғындары жақын маңда түлкінің жүргенін байқаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жергілікті тұрғындарды бұл туралы бірден еріктілерге хабарлаған. Алдын ала болжам бойынша, қызыл түлкі қала аумағына кездейсоқ кіріп кеткен болуы мүмкін.
«Дворянин» жануарларды қорғау қорының еріктілері түлкінің көшеде шамамен он күн бойы жүргенін айтты. Жергілікті тұрғындар жануарды ұстауды сұрағанымен, еріктілер ауру немесе жарақат алған жағдайда ғана араласуға болатынын айтып, бас тартқан. Олардың сөзінше, түлкінің жағдайы жақсы.
Ал Орман шаруашылығы және аңшылық жедел әрекет ету тобы әзірге тұрғындардан ешқандай өтініштің түспегенін және түлкіге қатысты ресми хабарлама тіркелмегенін мәлім етті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив