A+ A A-

talgatzhan 30 8-01-2026, 10:10 0

ШҚО-ның жоғары оқу орны Horizon Europe бағдарламасында жеңімпаз атанды

Бүгін / ШҚО

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Horizon Europe бағдарламасының конкурстық іріктеуінде тұңғыш рет жеңімпаз атанды. Бұл Еуропалық одақтың ең ірі ғылыми-инновациялық бағдарламасы, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Халықаралық TiBeRIUM жобасына Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті енгені белгілі. Жоба титан мен бериллийдің тұрақты жеткізу тізбектерін қалыптастыруға және оларды өңдеуде «жасыл» технологияларды енгізуге бағытталған. Осы форматта алғаш рет Қазақстан мен Өзбекстандағы аталған металдардың ресурстары кешенді түрде зерттелмек.

Бұл ғылыми қауымдастық үшін маңызды оқиға. Себебі Қазақстан осы жоба аясында тек шикізат жеткізуші ретінде емес, өз ғылыми әзірлемелері, кадрлық әлеуеті және қосылған құны бар толыққанды ғылыми-технологиялық серіктес ретінде қатысып отыр. Яғни, «өндіру – экспорт» моделінен «ғылым – технология – индустрия» моделіне көшіп жатыр.

Айта кетейік, TiBeRIUM консорциумы 12 елден 25 серіктесті біріктіреді. Қазақстан тарапынан жобаға Үлбі металлургиялық зауыты мен Tenir Group та қатысады.

Horizon Europe бағдарламасының 2021-2027 жылдарға арналған жалпы бюджеті - 95,5 млрд еуро.

Бұл Қазақстанның микроэлектроникадан бастап аэроғарыш саласына дейінгі жоғары технологиялар мен стратегиялық маңызды металдарды жеткізуді қалыптастыратын мемлекеттер қатарына нақты қадаммен қосылғанын көрсететін маңызды жетістік.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив