A+ A A-

talgatzhan 30 8-01-2026, 10:15 0

Риддерде шаңғы жарысы өтті

Бүгін / Риддер / Спорт

Риддерде қаланың алғашқы спорт шеберлерінің бірі Владимир Назаровты еске алуға арналған дәстүрлі Рождестволық шаңғы жарысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оған елдің әр өңірінен және Шығыс Қазақстаннан 280-нен астам спортшы қатысты. Балалардан бастап тәжірибелі әуесқойларға дейін барлық жас санатындағылар додада бақ сынасты.

Жас спортшылар 1 шақырым қашықтықты еңсерсе, ерлер мен әйелдер 7,5 шақырымдық қашықтықта кім мықтыны анықтады.

Рождестволық шаңғы жарысы - қаланың спорттағы тарихына көрсетілген құрмет қана емес, Шығыс Қазақстан тұрғындарының бірнеше буынын біріктіріп келе жатқан игі дәстүрдің жалғасы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив