Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп, 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, есептік кезеңде 1 052 қылмыстық іс қозғалып, оның 969-ы бойынша тергеу аяқталған. Соның ішінде 860 қылмыстық іс сотқа жолданды.
- Тергеу барысында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын жымқыру деректеріне қатысты екені анықталған. Қабылданған шаралар нәтижесінде ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылып, құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 азаматқа жалпы сомасы 24,2 млн теңге көлемінде сыйақы төленген.
ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.
Пікірлер