A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 13:05 0

Қазақстанда банктік қарыздар бойынша шекті мөлшерлеме белгіленді

Бүгін / Республика

Қазақстанда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейлері айқындалды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, банктік қарыздар бойынша ең жоғары жылдық мөлшерлемелер белгіленді: 
– кепілсіз банктік қарыздар бойынша – 46%
– кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша – 35%;
– ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша – 25%.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 46%-дан аспауы тиіс. 
Ал мерзімі 45 күнге дейінгі және сомасы 45 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын микрокредиттер бойынша мөлшерлеме тәулігіне 0,3%-дан, ал жылдық есеппен 179%-дан жоғары болмауы қажет. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив