A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 13:30 0

Белгілі актер Мұрат Бисембин өмірден өтті

Бүгін / Республика

Қазақстандық актер Мұрат Бисембин 53 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы хабарды оның қызы Диана жеткізді.

- 11.10.1972 - 08.01.2026. Шексіз жақсы көремін, - деп жазған ол әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің суретін жариялап.

Актер сұхбатында біраз уақыттан бері онкологиямен күресіп жүргенін айтқан болатын. 2025 жылдың желтоқсанында инсульттан кейін ауруханаға түскені белгілі болды.

Мұрат Бисембин 1972 жылы 11 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Мамандығы — инженер-электрик.

2000 жылдан Алматы қаласында тұрады.

2001 жылдан киноға түсіп келеді. Ең таңдаулы кейіпкерлері ресейлік «Параграф 78» фильмі мен режиссер Ақан Сатаевтың «Рэкетир» және «Ағайынды» фильмдерінде сомдалған. 

Бисембинге танымалдық алып келген  «Рэкетир» фильмінен кейін көрермендер актерді әлі де аталған туындыдағы Руслан образымен байланыстырады.

Актерліктен бөлек Мұрат бокспен, ауыр атлетикамен, бодибилдинг және пауэрлифтингпен айналысады. Кинодағы жұмысынан бөлек Қазақстандағы «Хабар» арнасындағы  «Арена» спорттық бағдарламасы жүргізушілерінің бірі.

Үйленген. 3 баласы бар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив