Өңірде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Шәкәрім Бұқтұғұтов пен облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен мазмұнды кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Басқосуда облыстың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары, мемлекеттік саясаттың басымдықтарын жергілікті деңгейде тиімді іске асыру мәселелері кеңінен сөз болды.
Кездесу барысында қатысушылар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті дамытуға қатысты өзекті міндеттерді, халықты жұмыспен қамту, инфрақұрылымды жаңғырту және елді мекендерде өмір сапасын арттыру мәселелерін жан-жақты талқылады. Сонымен қатар өкілді органдардың рөлін күшейтуге және өңірлердің шешім қабылдау үдерісіне кеңінен қатысуына бағытталған парламенттік реформалардың маңыздылығы айрықша атап өтілді.
Шәкәрім Бұқтұғұтов жергілікті өкілді органдар тарапынан көтерілген ұсыныстар мен бастамалардың республикалық деңгейде заңнамалық шешімдер қабылдауда маңызды негіз болатынын атап өтті. Кездесу қорытындысында тараптар Шығыс Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ету жолында өзара түсіністік пен сындарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.
Пікірлер