A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 15:45 0

ШҚО-да 17 мыңға жуық өрт қауіпсіздігін бұзу фактісі анықталды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 59 мыңнан астам үйді аралады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нәтижесінде 17 мыңға жуық заңбұзушылық анықталып, оның 2489-ы департамент қызметкерлерінің ұсынымдары бойынша сол жерде жойылды.

Рейд барысында әлеуметтік осал азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үйлерге 489 көмірқышқыл газының датчигі орнатылды. 

- Көбінесе тұрғын үйлердегі бұзушылықтар пештер мен электр құралдарын дұрыс пайдаланбаумен байланысты: түтін мұржалары уақтылы тазаланбайды, жарығы бар пештер жөнделмейді, өрт қаупі жоғары розеткалар қолданылады және бір розеткаға бірнеше электр құралын қосып, желіге артық жүктеме түсіріледі, – деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

ШҚО ТЖД өрттің және көмірқышқыл газынан уланудың алдын алу үшін бірқатар ережені қатаң сақтауды еске салады. Мәселен, түтін құбырлары, мұржалар және пештердің басқа да элементтері жылыту маусымы кезінде күйеден уақтылы тазартылуы тиіс, шатырларда және түтін арналары өтетін үй-жайларда барлық түтін құбыры мен қабырға әктелуі қажет, пештің алдындағы еденде өлшемі 50×70 см болатын металл оттық алды қаңылтыры болуы тиіс, күл арнайы белгіленген орынға төгіліп, үстіне су құйылуы қажет.

Қатты аязда пешті күніне 2–3 рет, әр жолы 1–1,5 сағаттан артық емес уақыт жағу керек. 

Электр желісіне артық жүктеме түсіруге болмайды.  

Өрт болған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив