A+ A A-

talgatzhan 39 9-01-2026, 09:15 0

Үлкен Нарын ауданында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған кездесу өтті

Бүгін / Үлкен Нарын

Малонарымка ауылында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың, буллингтің және интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында аудан тұрғындарымен «Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шара барысында заңның қоғамдағы рөлі, әділеттілік пен тәртіптің негізі ретіндегі маңызы, құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг, лудомания туралы сөз қозғалды.

Жиынға аудандық полиция бөлімінің және Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.

Кездесу соңында қатысушылар заң мен тәртіпке негізделген әділетті қоғам қалыптастыруда әр азаматтың рөлі маңызды екенін атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив