A+ A A-

talgatzhan 51 9-01-2026, 11:15 0

ШҚО-дағы үздік емханалар анықталды

Бүгін / ШҚО

Өткен жылдың 1 тамызы мен 30 қарашасы аралығында елдің барлық өңірінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар арасында республикалық конкурс өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Байқау Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалдарының бастамасымен ұйымдастырылды.
Конкурс аясында емханалардың қызметі бірнеше негізгі көрсеткіш бойынша бағаланды. Атап айтқанда, тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесімен қамту деңгейін арттыру, науқастар тарапынан түсетін шағымдар санын азайту, тіркелген халық арасында МӘМС және науқастарды қолдау қызметінің жұмысы бойынша жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері, динамикалық бақылауда тұрған науқастар арасында шұғыл түрде ауруханаға жатқызу деңгейін төмендету секілді көрсеткіштер ескерілді.
Байқау қорытындысы бойынша өңірде жүлделі орындарды келесі медициналық ұйымдар иеленді:
1 орын — «Ем алу плюс» ЖШС (Шаяхметов көшесі, 1/3);
2 орын — Өскемен қаласының №1 емханасы (Әуезов даңғылы, 18);
3 орын — Катонқарағай аудандық ауруханасы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив