A+ A A-

talgatzhan 35 9-01-2026, 11:40 0

Өскемендегі Есенберлин даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін / Өскемен

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 11 қаңтар сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өткелінің құрылысына байланысты Есенберлин даңғылындағы қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шектеулер Өтепов көшесінен Меновное кенті бағытына шығатын айналма жолға дейін енгізіледі. Аталған уақыт аралығында уақытша жол белгілері орнатылады.
Қалалық әкімдік өкілдері тұрғындарға жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, басқа бағыттарды пайдалануға кеңес береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив