Қазір көпір жолында шұңқырлар мен ойықтар көбеюде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жол жабындысын тегістеу үшін құм-қоспасы пайдаланылуда. Сонымен қатар жұмыс барысында қолданылатын құрал-саймандар газ балондарымен қыздырылады.
Бұған дейін қала әкімі Алмат Ақышов көпірдің техникалық жағдайына байланысты алаңдаушылық білдіріп, негізгі күрделі жөндеу жұмыстары мамыр-қыркүйек айлары аралығында жүргізілетінін хабарлаған.
Ал қазір қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шұңқырларды жамау бойынша уақытша жөндеу жұмыстары қолға алынған.
Пікірлер