Өскемен қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі өкілдері қарызын өтеуден жалтарып жүрген 55 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол өткен жылдың маусымынан басқа бір қала тұрғыны пайдасына шешілген 2,5 млн теңге көлеміндегі қарызды төлемеген.
Борышкер көзге түспеуге қанша тырысса да, жедел шаралар барысында нақты жүрген жері анықталды. Енді барлық соманы мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін іске сот орындаушылары кіріседі.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыстық Полиция департаменті 50-ден астам төлем жасамай жүрген адамды анықтады.
Пікірлер