A+ A A-

talgatzhan 36 Кеше, 14:35 0

Қазақстанның кей өңірінде соғыс ардагері қалмады

Бүгін / Республика / ШҚО

Ресми ақпаратқа сәйкес, Шығыс Қазақстанда бес соғыс ардагері тұрып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері қаңтар басында елде 54 соғыс ардагері өмір сүргенін, олардың 16-сы – соғыс мүгедектері болғанын алға тартқан.
Бұл тізімде Солтүстік Қазақстан облысындағы ҰОС-тың соңғы ардагері болған Фёдор Щеглов та болды. Ол 6 қаңтар күні 98 жасында дүниеден өтті. Ал облысқа қарасты Риддер қаласының тұрғыны Павел Альбоха былтыр желтоқсанның 24-і күні 101 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Informburo.kz ақпаратынша, қазір Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Абай, Ұлытау облыстарында және Шымкент қаласында бірде-бір Ұлы Отан соғысы ардагері қалған жоқ.

Басқа облыстардағы жағдай төмендегідей:

Алматы қаласы – 12 ардагер
Алматы облысы – 9
Шығыс Қазақстан облысы – 5
Павлодар облысы – 5
Қарағанды облысы – 4
Қостанай облысы – 4
Астана қаласы – 3
Батыс Қазақстан облысы – 3
Түркістан облысы – 3
Маңғыстау облысы – 2
Ақмола облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Жетісу облысы – 1

Айта кетейік, 2025 жылдың қазан айында Қазақстанда 86 Ұлы Отан соғысы ардагері тіркелсе, бір жыл бұрын олардың саны 120 болған. Қазір соғыс ардагерлерінің көбі ғасыр жасаған.

Фото: Sona.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив