Ұлттық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2025 жыл - өңір кәсіпкерлері үшін құқықтарын қорғау тұрғысынан жемісті уақыт болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Былтыр бизнес өкілдерінен 130 өтініш келіп түсті. Нәтижесінде 113 кәсіпкердің құқығы қорғалып, қалпына келтірілді. Сондай-ақ 5,5 млрд теңгеден астам қаржы сақталды.
- Біз үшін нақты нәтижеге қол жеткізу маңызды. Яғни, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауға мән береміз, - деді ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айжан Жәңгірханова.
Пікірлер