A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 17:00 0

Демалыста күн райы қандай болады

Бүгін / Республика

Алдағы күндері республика бойынша тұман басып, жел күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен 10 қаңтарда елдің батысында, 11 қаңтарда солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде, 12 қаңтарда шығысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанады.
11 қаңтарда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қар түседі.
10–12 қаңтарда елдің оңтүстігінде, 12 қаңтарда оңтүстік-шығысында жаңбыр болжанады.
Сондай-ақ республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.
11 қаңтарда елдің солтүстігі мен орталығында, 12 қаңтарда шығысында күндіз ауа температурасы –3…+3 °C шамасында болады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив