5 қаңтар-30 маусым аралығында жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес өкілдеріне арналған «Халық бухгалтері» ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Акция аясында кәсіпкерлерге бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу мәселелері бойынша тегін практикалық кеңестер беріледі.
Негізгі қабылдау Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында (Назарбаев даңғылы, 86, 3 қабат) жүргізіледі. Ал басқа қалалар мен аудандардағы салық төлеушілер үшін 87711238084 нөмірі арқылы бейнебайланыс форматында кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған.
Кеңес беру кестесі:
• қаңтар–ақпан айларында — аптасына 3 рет;
• наурыз айынан бастап — аптасына 2 рет.
Кеңестерді кәсіби бухгалтерлер, аудиторлар, бухгалтерлік қауымдастық өкілдері, мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері өткізеді.
«Халықтық бухгалтер» акциясы салық төлеушілерге көрсетілетін кеңес беру сапасын арттыруға және олармен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшуге бағытталған.
Пікірлер