A+ A A-

talgatzhan 16 Кеше, 16:35 0

Шемонаиха ауданында ұялы байланыс пен интернетке қатысты мәселелер туындады

Бүгін / Шемонаиха

Аудан әкімдігінің ақпаратынша, бұған “Beeline” байланыс операторының магистральдық радиорелейлік байланыс желісінің істен шығуы себеп болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Осыған байланысты аудан аумағында мобильді байланыс бойынша уақытша үзілістер байқалуда.
Байланыс операторының мәліметінше, қазір тиісті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- Желінің тұрақты жұмысын мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз, - деді “Beeline” байланыс операторыныің өкілдері.
Байланыстың қашан қалпына келтірілетіні қосымша хабарланатын болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив