Өскемен сыртындағы тасжолдарда екі көлік жүргізушісі бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылса да, масаң күйде қайтадан рөлге отырған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті ақпаратынша, Өскемен – Алматы тасжолында «Lada Granta» маркалы көлігінің 42 жастағы жүргізушісі ұсталды. Сараптама оның есірткі қолданғанын анықтады. Ал Өскемен – Рахман қайнарлары тасжолында орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған жүргізуші тоқтатылды.
Қазір екі факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылып, жүргізушілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Пікірлер