
Дүйсенбі күні елдің барлық аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 12 қаңтар күні еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтілетінін айтып, тұрғындарға сақ болуды ескертті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысының оңтүстік таулы аймақтарында кей уақытта тұман болады. Қонаев қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы қаласында түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Атырау облысының солтүстік, батыс және оңтүстік бөліктерінде тұман мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында түнгі және таңғы уақытта тұман мен көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні күндіз – 15-18 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыс және шығыс бағыттарынан соғып, күндіз батыс және оңтүстік аудандарда екпіні 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Ақмола облысында қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың шығыс жартысында қар мен бұрқасын сақталады. Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман болады. Жел батыстан соғып, облыстың солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктерінде екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 25 м/с жетеді. Көкшетау қаласында түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіліп отыр. Желдің екпіні күндіз 15-20 м/с шамасында.
Ақтөбе облысының солтүстік, батыс және оңтүстік аймақтарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Ақтөбе қаласында тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында қар, бұрқасын және көктайғақ сақталады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын және көктайғақ болады, облыстың шығыс бөлігінде қатты қар жауады. Жел оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғып, облыстың солтүстік, оңтүстік және шығыс аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Өскемен қаласында түнде қар мен бұрқасын, күндіз жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с шамасында.
Абай облысының солтүстік және орталық бөліктерінде қар мен бұрқасын болады. Күндіз жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, облыстың батысы, солтүстігі және орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Семей қаласында күндіз жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын және көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні – 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар облыстың батысы, солтүстігі және орталығында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей уақытта батыста 25 м/с жетеді. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады, жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с шамасында болады.
Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман болады. Қостанай қаласында да тұман күтіліп отыр.
Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігі, солтүстігі және орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қаласына да тұман түседі.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын және көктайғақ болады. Жел батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с шамасында. Павлодар қаласында түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Жел батыстан соғып, екпіні – 15-20 м/с.
Астана қаласында қар, бұрқасын және көктайғақ болады. Жел батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с шамасында болады.
Солтүстік Қазақстан облысында қар мен бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде қар мен бұрқасын, облыстың солтүстігінде аздаған қар мен жаяу бұрқасын болжанып отыр. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, облыстың шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с шамасында. Петропавл қаласында түнде қар, күндіз аздаған қар және жаяу бұрқасын болады.
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы
Руханият
Жұлдыз жорамал
Пікірлер