A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:00 0

Қазақстандықтар арнайы курстар арқылы сұранысқа ие IT-мамандықтарды игере алады

Бүгін / Республика

Қазақстанда жасанды интеллект саласында кең ауқымды IT-білім беру бағдарламалары жұмыс істеп жатыр. ЖИ министрлігінің мәліметінше, бағдарламалар тек студенттермен шектелмей, барлық азаматтарға цифрлық салада мансап бастауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 


– Ауқымды аудитория үшін Tech Orda, QazCoders және Yandex курстарын қоса алғанда, онлайн-курстар мен акселерациялық бағдарламалар қолжетімді. Бұл бағдарламалар қазақстандықтарға сұранысқа ие IT-мамандықтарды меңгеріп, цифрлық салада мансап бастауға мүмкіндік береді, – дейді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Kazinform тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

Бағдарламалар жасанды интеллект бойынша базалық және тереңдетілген білімді меңгеруге бағытталған. Tech Orda аясында мыңдаған адам білім алды, ал AI Sana бағдарламасы арқылы 570 мыңнан астам студент сертификатқа ие болған.

– Оқушылар мен студенттер үшін TUMO, Tomorrow School, AI Sana және AI OLYMP бағдарламалары, сондай-ақ Day of AI бастамасы енгізіліп жатыр. Бұл бағдарламалар жасанды интеллект саласындағы базалық және тереңдетілген білімді меңгеруге, сондай-ақ цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған, – делінген ресми жауапта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив