Патрульдік полиция қызметкерлері Өскемен-Самар тасжолында өзін жайсыз сезінген жолаушыға жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 11 қаңтар күні Өскемен-Тарғын-Самар тасжолында болған. Кезекшілік кезінде полиция қызметкерлері жол жиегінде тоқтап тұрған жеңіл көлікті байқайды. Көлікте отырған 60 жастағы әйелдің кенеттен жағдайы нашарлап, демікпесі ұстағаны анықталған. Патрульдік полиция қызметкерлері Аслан Тілеубаев пен Дастан Дәуренұлы көлікті Асубұлақ ауылына дейін ілесіп апарып, жолаушыны жедел жәрдем бригадасына табыстады.
Әйелге медициналық көмек көрсетілді, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Пікірлер