Қала әкімі Алмат Ақышов жобалаушылармен көпірді жөндеу жұмыстарын талқылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Ең алдымен тірек құрылымына келтірілген залалдың көлемін анықтауымыз керек. Маған жіберілген бейнежазбалардан айтарлықтай залал бар екенін байқадым. Көпірге су өткізбейтін асфальтты пайдалануымыз қажет. Сондай-ақ асфальт жабынын толығымен ауыстыру керек. Көпірді кешенді тексеру шамамен екі аптаға созылады, - деді мердігер.
Пікірлер