Бұл туралы «ҚАЖсервис» ЖШС облыстық филиалы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
12 қаңтар сағат 11:00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары тасжолының 7-166 шақырым учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылады.
Сондай-ақ республикалық маңызы бар Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы тасжолының 1104-1191 шақырым учаскесінде, Өскемен-Риддер-РФ шекарасы тасжолының 15-105 шақырым учаскесінде жолаушылар автобустары, тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк көліктері үшін қозғалыс шектеледі.
Пікірлер