Бүгін Мызы және Қазақстан көшелерінің қиылысында үш көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Lada Vesta автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырып, жол және ауа райы жағдайларын ескермей, көліктер арасындағы қашықты сақтамаған. Салдарынан ол Lexus көлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін Lada Vesta көлігі бұрылып, автобусқа соғылды. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Пікірлер