14 қаңтарда облыста ауа райының күрт төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осыған байланысты ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары азаматтарға алыс жолға шығудан бас тартуды ұсынады.
- Егер жолға шығу қажет болса, көлікті алдын ала дайындау керек. Азық-түлік, жылы киім, шам алып жүру қажет. Қатты аязда үйден шықпауға тырысыңыз, шыққан жағдайда жылы киінген жөн, - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратында.
Ал пешті 1,5 сағаттан артық үздіксіз жағуға болмайды. Үйдегі электр жылытқыштардың жағдайына назар аудару керек.
Пікірлер