A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:00 0

Көлік нөмірін жасырған 900-ге жуық жүргізуші анықталды

Бүгін / Республика

Республикалық автожолдарда жалған мемлекеттік нөмірлер бойынша 900-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік құралдарын жалған, жасырылған, оқылмайтын немесе талапқа сай емес орнатылған мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерімен пайдалану фактілері бойынша 900-ге жуық құқық бұзушылық анықталған.

- Мемлекеттік нөмір белгісі — көлік құралының міндетті сәйкестендіру дерегі. Нөмір белгісі ұлттық стандарт талаптарына сәйкес орнатылып, тәуліктің кез келген уақытында анық көрініп, еркін оқылуы тиіс. Ластану салдарынан нөмір оқылмай қалса, жүргізуші оны уақтылы тазалауға міндетті. Ал нөмірді әдейі жасыру/бұрмалау, сондай-ақ жалған немесе қолдан жасалған нөмір белгісін қолдану — Қазақстан Республикасының жол жүрісі қағидаларын және заңнамасын тікелей бұзу болып есептеледі, - деп жазылған хабарламада. 

Жүргізушілер жолға шығар алдында мемлекеттік нөмір белгілерінің берік бекітілуін, тазалығын және оқылымдылығын міндетті түрде тексеруі тиіс. 

- Нөмірді әдейі «жасыруға» бағытталған пленка, жапқыш, рамка-шторка секілді құрылғыларды қолдану немесе жалған нөмір орнату қауіпсіздік тәуекелдерін күшейтіп қана қоймай, қатаң әкімшілік жауапкершілікке, оның ішінде қамаққа алу және жүргізу құқығынан айыру сияқты шараларға әкелуі мүмкін, - дейді Қазавтожол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив