Қаладағы мектептердің біріндегі ата-аналар тобында оқушыларды қоғамдық көлік картасын алып жүру туралы ескерту хабарламасы пайда болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Онда картасы жоқ балалар қоғамдық көліктен шығарылады деп айтылған.
- Автобуспен қатынайтын барлық оқушының өзімен бірге жол жүру картасы болуы керек. Бұл жөнінде ата-аналарға жеткізулеріңізді сұраймыз. Жол жүру картасы болмаған жағдайда кондукторлар жолаушыларды автобустан түсіреді. Карталарды сату нүктелерінен сатып алу қажет, — делінген хабарламада.
Өскемен ТҮКШ бөлімінің жазбаша түсіндірмесіне сәйкес, 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар тұрғылықты жеріне немесе тіркелген жеріне қарамастан тегін жол жүруге құқылы.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі ата-анасынсыз немесе заңды қамқоршысыз жүретін он алты жасқа толмаған кез келген баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлі түрде шығаруға тыйым салынатынын атап өтті.
Бүгінге дейін 46 396 жеңілдік картасы берілді. Ата-аналар картаны Шәкәрім даңғылы, 171, Жібек жолы көшесі, 3 мекенжайлары бойынша орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алады.
Айта кету керек, 1 қыркүйектен бастап қаладағы мектеп оқушылары тегін жол жүреді.
Пікірлер