Медициналық тексерулер жұмыс берушілерге өндірістегі зиянды факторлардың әсерін уақтылы жоюға немесе азайтуға, қызметкерлерді дер кезінде емдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Былтыр өңірдің тау-кен және металлургия кәсіпорындарының қызметкерлері арасында негізінен 230 ауру түрі тіркелді.
ШҚО бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен жылы мерзімді медициналық тексеруден 47 319 жұмысшы өтуі тиіс болған, оның ішінде 10 574 әйел бар.
Жыл қорытындысы бойынша 42 402 адам тексеруден өткен (оның ішінде 10 157 әйел бар). 4 011 адамнан соматикалық аурулар анықталды. 138 адам зиянды немесе қауіпті заттармен, өндірістік факторлармен жұмыс істеуге уақытша жарамсыз деп танылды (оның ішінде 57 әйел бар). Ал 65 қызметкер зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеуге тұрақты түрде жарамсыз деп танылды (оның ішінде 2әйел бар).
Сондай-ақ медициналық тексерулер нәтижесінде 3 264 қызметкерге амбулаториялық тексеру мен ем, 62 адамға стационарлық тексеру мен ем, 440 қызметкерге санаторий-курорттық ем, 3 765 жұмысшыға емдік-профилактикалық тағам, 1 040 қызметкерге диспансерлік бақылау қажет екені анықталды.
Пікірлер