A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:15 0

ШҚО-да полицейлер 80-нен астам көліктен тұратын автотізбекке жол бастап жүрді

Бүгін / ШҚО

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ШҚО ПД патрульдік полиция батальоны көлік жүргізушілерінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, Өскемен — Семей тасжолының 13-шақырымынан бастап Абай облысының әкімшілік шекарасына дейін 80-нен астам автокөлік полицияның ілесіп жүруімен қозғалды.

- Қозғалыс барысында қызметкерлер жылдамдық режимінің сақталуын қадағалап, жолдағы қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз етті. Полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылының нәтижесінде колонна жолдың күрделі учаскелерінен ешбір оқыс оқиғасыз өтті, — делінген хабарламада.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға және ұйымдастырылған колоннаға ілесіп жүру кезінде тәртіп сақшыларының заңды талаптарын орындауға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив