ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, 13 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар тасжолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Республикалық маңызы бар Өскемен-Риддер-РФ шекарасы тасжолының 15-105 шақырым учаскесінде, Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы тасжолының 1104-1212 шақырым учаскесінде, облыстық маңызы бар Шемонаиха-Секисовка тасжолының 0-56 шақырым учаскесінде жолаушылар автобустары, тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді.
Пікірлер