Көшелердегі ғимараттарға жаңа мекенжайлық тақтайшалар мамыр–маусым айларында орнатылады. Бұл туралы қала әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған жұмыстар мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталғаннан кейін жүзеге асады.
- Жаңа тақтайшалар QR-кодтармен жабдықталады, — делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.
Айта кету керек, облыс орталығында ресми түрде 13 көшенің атауы өзгертілген еді. Алайда бүгінге дейін олардың тақтайшалары ауыстырылған жоқ.
Пікірлер