A+ A A-

talgatzhan 28 Бүгін, 09:40 0

ШҚО әкімі Мәжіліс депутаттарымен өңірдің даму бағыттарын талқылады

Бүгін / ШҚО

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Соның барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды тақырыптар сөз етілді.
Алдымен аймақ басшысы «Ауыл» фракциясының мүшесі Ерболат Саурықовпен жүздесіп, ауыл шаруашылығын дамыту, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту және ішкі туризмнің жаңа бағыттарын қалыптастыру жайын талқылады. Сонымен қатар шалғайдағы аудандар тұрғындарының өмір сапасын арттыру, шекара маңындағы аумақтардың әлеуетін тиімді пайдалану сынды мәселелер де күн тәртібіне қойылды.
Одан кейін облыс әкімі Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Динара Наумовамен кездесті. Тараптар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, ерекше қажеттіліктері бар жандарды жұмыспен қамту және олар үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасау бағытындағы бастамаларды сөз етті.
Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде осы санаттағы азаматтарға арналған жұмыс орындарын ашу бойынша облыста тиісті шаралар атқарылып жатқанын атап өтті. Бұл іске облыстағы ірі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес өкілдері белсенді түрде тартылып, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға үлес қосып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив