A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 10:35 0

Өскеменде биыл бірқатар жол жөнделеді

Бүгін / Өскемен

Қала әкімінің аппараттық кеңесінде 2026 жылға арналған жол жөндеу жұмыстарының жоспары қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, биыл әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарды жөндеуге, қала тұрғындарының пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, жолдарды кеңейтуге ерекше назар аударылуда. 
- Жол қала тұрғындардың негізгі талабына айналды. Негізгі басымдық әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарға беріледі, - деді қала әкімі Алмат Ақышов. 
Осылайша, биыл келесі көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек:
Өтепов көшесінің шағын бөлігі — №47 мектепке апаратын жол;
Желтоқсан көшесі;
Протозанов-Мызы көшелері;
Михаэлис көшесі (30-Гвардиялық дивизия көшесінен Белинский көшесіне дейін);
Добролюбов көшесі (Назарбаев даңғылынан Бульвар Гагарин көшесіне дейін);
Нефтяная көшесі;
Өтепов көшесінен Қазыбек би көшесіне дейінгі аралық;
Әуезов даңғылы мен Крылов көшесі арасындағы аралық.
Осы ретте шаһар басшысы бюджеттің дұрыс бөлінуі керектігін атап өтті. 
Естеріңізге сала кетейік, былтыр  қалада 42 шақырым жол жөнделді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив