13-15 қаңтар аралығында қалада «Борышкер» жедел алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның мақсаты - төленбеген әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабына сәйкес азаматтар әкімшілік хаттама берілген күннен бастап 7 күн ішінде жеделдетілген іс жүргізу арқылы айыппұлдың 50%-ын төлеуге құқылы. Егер бұл міндет 7 күннің ішінде орындалмаса, толық соманы ерікті түрде отыз күннен кешіктірмей төлеуге болады.
Егер берешек жоғарыда аталған мерзімде өтелмесе, әкімшілік айыппұл мәжбүрлеп өндіріп алу үшін мемлекеттік немесе жеке сот орындаушыларына жіберіледі.
Пікірлер