A+ A A-

talgatzhan 42 21-10-2024, 12:19 0

ШҚО-да 3400-ден астам кәсіпкерге субсидиялау бойынша заңсыз бас тартқан

Бүгін / ШҚО

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Денис Шакенов облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қызметіне жүргізілген тексеріс қорытындысы туралы баяндады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

3400-ден астам кәсіпкерге жұмыс орындарын субсидиялау бойынша заңсыз бас тарту фактілері анықталды.
- Субсидиялаудан бас тарту туралы шешімді Еңбек ұтқырлығы орталығының басшылары өтініштерді беру тәртібін бұзып, өз қалауы бойынша қабылдады, - деді ол.
Оған қоса «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесінде бас тартудың негіздемесі табылмаған.
Антикор қызметінің араласуынан кейін кезекті бұзу мәселелері тоқтатылды. 260-тан астам кәсіпкердің 900-ден астам субсидияланатын жұмыс орындарын құру туралы өтініштері қаралып, кезек бойынша бекітілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив