A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 14:45 0

Өскеменде қар түсінің өзгеруі немен байланысты – экологтар зерттеу жүргізді

Бүгін / Өскемен

ШҚО Экология департаменті ақпаратынша, қар жамылғысынан сынамалар алынып, зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Талдаулар аккредиттелген зертханада жасалды. Нәтижесінде ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрацияларынан асу фактілері анықталған жоқ.
– Алдын ала мәліметтер бойынша, қар түсінің өзгеруі ауа массалары арқылы шаң мен құм бөлшектерінің тасымалдануымен байланысты. «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 10-11 қаңтар аралығында қалада екпіні 15–20 м/с жететін жел соғып, ауадағы қалқыма бөлшектердің қар жамылғысына шөгуіне ықпал еткен. Мұндай табиғи құбылыстар бұған дейін де, атап айтқанда, 2018 және 2021 жылдары тіркелген, – делінген департамент мәліметінде. 
Жағдай уәкілетті қызметтер бақылауында. Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, кеше қала тұрғындары қар түсінің сарыға өзгергенін байқаған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив