A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 14:55 0

ШҚО-да жыл басталғалы 37 өрт тіркелді

Бүгін / ШҚО

Облыста алдағы күндері қатты аяз болады деп күтілуде. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің жер үйлерде өрттің шығу қаупінің артатынын ескертеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Департамент өкілдері тұрғын үйлерді аралап, қауіпсіздік шараларын түсіндіруде. Белгілі болғандай, сыртқы ауа температурасы төмендегенде пешпен жылыту, газ және электр жабдықтарын қолдану қауіп төндіруі мүмкін.

Сондықтан өрттің алдын алу үшін төмендегі ережелерді сақтау керек:

жанып тұрған пешті және қосулы электр құралдарын қараусыз қалдырмау;

пешті шамадан тыс қыздырмау;

балаларға жылыту құралдарын бақылауға рұқсат бермеу;

бір уақытта бірнеше тұрмыстық құралды қосып, электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсірмеу;

электр құралдарын тек нұсқаулыққа сәйкес пайдалану.

Көлік иелері де өрттен сақтау үшін оны рұқсат етілген тәсілдермен ғана жылыту қажет.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 37 өрт фактісі тіркелді. Оның 9-ы пешті пайдаланғанда өрт қауіпсіздігі талаптарының сақтамағаннан, 11-і электр жабдықтарын пайдаланғанда болған заңбұзушылықтардан, 10-ы отты абайсыз қолданудан болды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив