A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 09:40 0

Өскеменде саудагерлерге айыппұл салынуы мүмкін

Бүгін / Өскемен

Кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бойынша жаңа талаптар түсіндірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Асхат Сағидолдин кәсіпкерлерге ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының талаптарын түсіндіріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізіміндегі өзгерістер туралы айтып өтті. 
ӘМАТ тізімі 19 атаудан 31 атауға дейін кеңейтілді. Жаңартылған тізімге макарон өнімдері, күріш, қызанақ, қияр, алма, сиыр және балық еті, тартылған ет, айран, қаймақ, қоспасыз шай және басқа да өнімдер кірді.
Кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы тиіс екені ескертілді. Белгіленген мөлшерден асқан жағдайда әкімшілік жауапкершілік шаралары қарастырылған. Айыппұл мөлшері кәсіпкерлік субъектісінің санатына және өзге де жағдайларға байланысты 5-тен 300 АЕК-ке дейін өзгереді.
Сонымен қатар сауда саласындағы құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік те түсіндірілді. Мәселен, тауарды теңгедегі бағасын көрсетпей сату, тауар құнының жапсырмада көрсетілген бағамен сәйкес келмеуі, бағаны шетелдік валюта бойынша жазу.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив