Қаладағы 1000-нан астам тұрғын жарықсыз қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«БЭСК» АҚ берген мәліметке сүйенсек, бүгін сағат 09:42-де қосалқы станцияда апаттық үзіліс болды. Соның әсерінен Қазақстан, Мызы және Протозанов көшелеріндегі тұрғын үйлер мен кәсіпорындар электр қуатынсыз қалды.
Мәселені шешу үшін жедел топ жіберілді.
Пікірлер