A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:30 0

ШҚО-да 11 адам қос азаматтық үшін елден шығарылды

Бүгін / ШҚО

Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері басқа мемлекеттің азаматтығын алуына байланысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған 1000-нан астам адамды анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қос азаматтықтың болғаны үшін 63 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 38-і шетел азаматтығын алғаны туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін, 15-і Қазақстан Республикасының паспорты мен жеке куәлігін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды.
- Анықталған фактілердің бірі облыс орталығының 47 жастағы тұрғынына қатысты. Ол 2025 жылдың қазан айында қызымен басқа мемлекеттің азаматтығын алған. Бірақ бұл туралы уәкілетті органдарға белгіленген мерзімде хабарламады. Ер адамға қатысты сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығару туралы шешім қабылданды, - делінген ШҚО Полиция департаментінің мәліметінде. 
Жалпы жыл басынан бері сот шешімімен ел аумағынан 11 адам шығарылды. Олардан Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттары алынып, қазақстандық азаматтықтан айырылды.
Естеріңізге сала кетейік, елде қос азаматтыққа жол берілмейді. Шетел азаматтығын алған жағдайда 30 күн ішінде ішкі істер органдарына хабарлап, Қазақстан Республикасының құжаттарын тапсыру қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив