Полиция қызметкерлері қала тұрғынының көлігін заңсыз айдап кеткен азаматты ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
5 қаңтар күні сағат 18:55-те "102" нөміріне қала тұрғыны хабарласып, оның BMW көлігін белгісіз біреудің заңсыз айдап кеткенін айтқан. Құқық бұзушылық салдарынан жәбірленушіге шамамен 2 000 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
- Жедел іздестіру шаралары барысында ШҚО Полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Өскемен-Алтай тасжолының 38 шақырымында іздеудегі көлікті тоқтатып, құқықбұзушыны қолға түсірді, - делінген ресми ақпаратта.
Анықталғандай, көлік тізгінінде бұрын сотталған 31 жастағы азамат болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Өскемен қалалық полиция басқармасына жеткізілді.
Пікірлер