Биыл өңірде туберкулезге шалдыққандар саны 3,6%-ға (225 адам) өскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ал былтыр бұл дертпен 218 адам ауырған. Әсіресе, Алтай, Самар, Глубокое, Күршім аудандары мен Өскеменде науқастар саны әлдеқайда көп екен. Сондай-ақ мамандар балалар арасындағы мәселеге де назар аударды.
Анықталғандай, облыста туберкулезбен ауырған балалар саны 12-ге жетсе, былтыр 9 бала болған. Сондай-ақ 0-14 жас аралығындағы топта жеті жағдай тіркелген. оның алтауы Өскеменде, біреуі Ұлан ауданында.
Пікірлер