A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 13:05 0

Елде -40°С-қа дейін аяз болады

Бүгін / Республика

2026 жылғы 15–17 қаңтар аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіліп отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Метеорологиялық болжамға сәйкес, ел аумағындағы ауа райына жаңа антициклон әсер етеді. Атап айтқанда республика бойынша температураның күрт төмендеуіне себеп болады.
15 қаңтарда солтүстік пен шығыс өңірлерінде түнгі ауа температурасы -30…-40°С дейін төмендейді. Ал оңтүстік аймақтарда түнгі температура -5…-13°С, оңтүстік-шығыста -8…-17°С, таулы аудандарда -20…-25°С шамасында болады. 
Сонымен қатар 15–16 қаңтарда Қазақстанның оңтүстігінде қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады.
16–17 қаңтарда оңтүстік-шығыс өңірлерде қалың қар жауып, боран, тұман және көктайғақ күтіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив