Өңірде жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмауға шалдыққандар саны артып келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы айда облыс бойынша ЖРВИ-дің 132 406 жағдайы тіркелді. 14 жасқа дейінгі 81 337, 1 жасқа дейінгі 1543 балада инфекция анықталды.
- Тұмаудың зертханалық расталған 182 жағдайы тіркелді, оның барлығы “Гонконг тұмауы” деп аталатын A/H3N2 вирусы екені белгілі болды. Жұқтырғандардың 92-сі - 14 жасқа дейінгі балалар, - деді ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев.
Бұдан бөлек, облыста риновирус (73 жағдай), бокавирус (3 жағдай), аденовирус (35 жағдай) және коронавирустық инфекцияның 6 жағдайы тіркелді.
Пікірлер