A+ A A-

talgatzhan 1 Бүгін, 14:30 0

ШҚО-да жол апатынан бір адам көз жұмды

Бүгін / ШҚО

12 қаңтарда Өскемен-Таулы Үлбі-Северное тасжолындағы бақылау алаңы маңында жол апаты болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Chevrolet Nexia автокөлігінің жүргізушісі төрт жолаушымен бірге келе жатып, тасжолдың 25 шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Toyota Mark II көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан 25 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Куәгерлердің айтуынша, Chevrolet Nexia көлігінде шетел азаматтары болған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив