Бұл туралы ШҚО Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінде жас мамандарды қолдау кадрлық саясат деңгейінде күшейтілуде.
- 2026 жылдан бастап Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің жалақысы облыстық деңгейде 50%-ға, ал қалалар мен аудандарда 30–50%-ға дейін кезең-кезеңімен өседі, - деді Айдос Әділбеков.
Тұрғын үй мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Аймақта «Шығыс маманы» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы іске асырылуда. 2024–2025 жылдары бұл мақсатқа 1,5 млрд теңге бөлініп, жас мамандардың облыста тұрақтап қалуына мүмкіндік берілді.
- Шығыс Қазақстан облысында жастар саясатын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Негізгі басымдықтар: жұмыспен қамту, білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, азаматтық белсенділікті арттыру және жастардың әлеуетін ашу, – дейді ШҚО Жастар ресурстық орталығының директоры.
Пікірлер