455 498.77 5.56
A+ A A-

15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2026 жылғы 15 қаңтар, бейсенбіге арналған ауа райының жалпы болжамын бөлісті. Мамандардың болжамынша, еліміздің батысы мен оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың болжамынша, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Қазақстанның қалған аумағында антициклонның әсерінен аязды, бірақ жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

- Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыстарға желдің екпін алуы, көктайғақ пен тұман түсуі жатқызылады, - деп хабарлады Қазгидрометтің баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив