A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 13:05 0

Қазақстан энергиямен толықтай 2027 жылы қамтылады

Бүгін / Республика

2026 жылы Қазақстанда 173 МВт-тық ЖЭК нысандарын қоса алғанда, шамамен 2,6 ГВт жаңа қуат көзі іске қосылатын болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Әр жобаға нақты тоқталсақ:

  • «Текелі энергия кешені» ЖШС қуаты 17 МВт болатын 3 жою қазандығы мен бу турбинасы іске жосуды жоспарлауда, мерзімі – 2026 жылдың маусымы.

  • «Атырау ЖЭО» ЖШС №11 турбоагрегат пен №15 қазандықты пайдалануға береді, қуаты: 59,6 МВт, мерзімі – 2026 жылдың желтоқсаны.

  • Қызылорда облысында 2026 жылдың тамызында 240 МВт-тық бу-газды қондырғы (БГҚ);

  • Түркістан облысында 2026 жылдың желтоқсанында 1000 МВт-тық бу-газды қондырғы (БГҚ);

  • Алматы қаласындағы ЖЭО-2-де 2026 жылдың желтоқсанында 557 МВт-тық бу-газды қондырғы (БГҚ); Алматы қаласындағы ЖЭО-3-те 2026 жылдың желтоқсанында 544 МВт-тық бу-газды қондырғы (БГҚ) пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ 2026 жылдың желтоқсанында жалпы қуаты 173 МВт болатын ЖЭК нысандары іске қосылмақ.

2027 жылдың І тоқсанына қарай Қазақстан энергиямен толықтай қамтылып, энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив