A+ A A-

talgatzhan 20 Кеше, 11:15 0

Өңір өркениеттен қол үзбеуі тиіс: ШҚО-да ауылдары 100 пайыз интернетке қосылған аудан бар ма?

Бүгін / ШҚО / Өзекті мәселе

Өткен жыл тәмамдала облыстық Цифрландыру және архивтер басқармасы басшылығына ресми сұраухат жіберген болатынбыз. Себебі, әралуан жиында айтылатын әдемі статистика бара-бара көкейге көп сауал үймеледі. Шалғайдағы біршама ауыл әлі 4G-дің тегеурінін танып үлгермей жатқанда, интернет мәселесі көңіл көншітерлік деген ақпарат жиі тарады. Бірақ әр аудандағы жағдай жекелей айтылмады. Басқарма өкілдерінен соны біліп көрдік, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қарашадағы жағдай

Соңғы жылдары облыс әкімдігі осы мәселеге жіті көңіл аударып жатыр. Кей елдімекен Бұқтырма өзені бойында орын тепкендіктен туризм тұрғысынан көңіл бөлуді қажет етеді. Мәселен, Самар ауданына қарасты Ново-Стройка, Сарыбел, Палатцы секілді ауылдар жаз шыға туристер ағылатын аймақ. Бұл жаққа ертелі-кеш интернет жетеді. Ал Баяш Өтепов, Манат (Ұлан ауданы), Қараөткел (Самар ауданы), Ақмарал (Катонқарағай ауданы) ауылдары айшылық алыс жерлерден жылдам хабар ала алмай отыр.

Былтыр қараша айының 28-ндегі мәліметке сәйкес, облыс аумағында төмендегі ауылдар интернетпен қамтылды.

Марқакөл ауданы: Шағанатты (Шанағатты), Күнгей-Бөкенбай, Терскей-Бөкенбай, Балықтыбұлақ.

Глубокое ауданы: Қарагужиха, Веселовка.

Тарбағатай ауданы: Ахметбұлақ, Сарыөлең, Жаңаталап.

Зайсан ауданы: Шүршітсу, Қарасай, Қабырғатал, Жіңішкесу.

Алтай ауданы: Восточное, Дородница, Северное, Богатырёво, Александровка, Берёзовка.

Күршім ауданы: Қайнар, Қыстау-Күршім

Катонқарағай ауданы: Мойылды, Ақмарал, Рахман қайнарлары, Өрнек.

Басқа аудандар: Поперечное (Риддер қаласы), Шұбарқайың (Самар ауданы), Сенное (Үлкен Нарын ауданы), Манат (Ұлан ауданы), Кандыковка (Шемонаиха ауданы).

Облыстық Цифландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Ануар Сапарғалиевтің сөзінше, өңір бойынша елдімекендердегі мобильді интернет қызметін үш байланыс операторы қамтамасыз етеді. Олар:

«Мобайл Телеком Сервис» ЖШС (Теле2, Altel сауда белгісі);

«Кар-Тел» ЖШС (Beeline сауда белгісі);

«Kcell» АҚ (Activ/Kcell).

Ауылдарда бекітілген интернет қызметін келесі операторлар ұсынады:

«Қазақтелеком» АҚ;

«Транстелеком» АҚ;

«Фастлайн» ЖШС

«Jusan Mobile» АҚ.

 

Бір жылдан соң бәрі реттеле ме?

Екі ай бұрын ұсынылған мәліметке сәйкес, 122 елдімекен қолданыстағы телекоммуникациялық инфраұрылымнан алшақ орналасуына байланысты интернетке қосылмаған.

– Халқы аз және қолжетімділігі қиын ауылдарды интернетке қосу мәселесі жекелей қарастырылып, 2027 жылдың соңына дейін толық қамту жоспарланған. Сонымен қатар интернетпен қамтамасыз етудегі өзекті мәселелердің бірі сол, «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС (Теле2, Altel сауда белгісі) мен «Ауылтелеком» ЖШС тарапынан лицензиялық міндеттемелердің уақтылы орындалмауынан, – деді Ануар Сапарғалиев

Сол екі ай бұрын 56 ауылға интернет тарту үшін кешенді жұмыс жүргізілді. Сандарда өзгеріс бар. Былтыр желтоқсан аяқтала Сарыбелге (Самар ауданы) Kcell операторынан ғаламтор тартылды. Желтоқсан ортасына таман 600-ден астам тұрғыны бар Украинка жұрты өркениетке қосылды. Мұның алдында әлсін-әлсін бар-тұғын байланыс, осы жолы толық реттелді. Қаңтардың 10-ы күні Зайсан ауданына қарасты Шілікті ауылы да қамтылды. Бұл туралы газеттің 6-ші бетінде толығырақ жазылған.

Қаңтардың 30-ы күні Цифрландыру және архивтер басқармасының ресми сайтында Күршім ауданына қарасты 21 елдімекеннің барлығы толықтай ұялы байланыс және интернетпен қамтылғаны туралы жазылды.

– Шалғайдағы және шағын елді мекендерге ерекше назар аударылады. Қыстау-Күршім мен Қайнар ауылдарында OneWeb арқылы қоғамдық кіру нүктелері ұйымдастырылған, Аманатта KazSat нүктесі жұмыс істейді. 2025 жылы алғаш рет Егіндібұлақ, Амангелді және Жолнұсқау ауылдары ұялы байланыс пен интернетке қосылды, – делінген мәліметте.

Ануар Сапарғалиевтің сөзінше, облыстағы 347 жалпы білім беретін мектептің барлығы интернетпен жүз пайыз қамтылған. Бұрын қосылу тәртібіне сәйкес келмеген 29 мектепте мемлекеттік жекеменшік-әріптестік жобасы бойынша жұмыс жүргізілді.

– Қазіргі уақытта телекоммуникация саласындағы өзекті міндеттердің бірі – халықты кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында кезең-кезеңімен қосу 2027 жылдың соңына дейін жоспарланған. Осыған сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша 186 әлеуметтік маңызы бар нысан интернетке қосылмақ, – делінген басқарма ақпаратында.

Интернет қосылуы тиіс бірқатар ауылды төменде кесте түрінде ұсындық.

Аудан атауы

Ауыл атауы

1

Тарбағатай

Ахметбұлақ

2

Тарбағатай

Жаңаталап

3

Алтай

Березовка

4

Катонқарағай

Өрнек

5

Катонқарағай

Жазаба

6

Үлкен Нарын

Алыбай

7

Үлкен Нарын

Бесүй

8

Самар

Қойтас

9

Самар

Қараөткел

10

Ұлан

Борсақ

 

Әділхан ЕСІМХАНОВ

Фото ашықдереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив